2024-03-04 14:31:17
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді

Шымкентте көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылы қалада мемлекеттік бюджет есебінен 100 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Аумағы 330,4 мың шаршы метр 4306 пәтерлі тұрғын үй құрылысы Тұран, Бозарық, Ақжайық елдімекендерінде атқарылған.

Жыл қорытындысымен 127,7 мың шаршы метрді құрайтын 1688 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың 30-ы — кредиттік, 4-еуі – арендалық пәтер. Сондай-ақ былтыр жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтарына 475 пәтер, жалпы 1375 пәтер нарықтан сатып алынды.

Биыл Құрылыс басқармасы тарапынан былтырдан өтпелі 2490 пәтерлі 64 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасып, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Бозарық елдімекенінде 36 үйдің, Ақжайық елдімекенінде 26 үйдің, Тұран шағын ауданында 2 үйдің құрылысы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР