2024-04-20 00:10:19
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент «Smart city» жобасына сай дамиды

Шымкент «Smart city» жобасына сай дамиды

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкіметте Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауда білек сыбана кірісуде.

Ал өңірлерде жағдай қандай? Бұл мәселені білмек ниетпен Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдрахановтан сұрап білген едік. Жауапты сала басшысының айтуынша, республиканың үшінші мегаполисін цифрландыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Ол нендей жоспарлар деген сауалға басқарма басшысы қаланы түгел сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, Шымкентті «Smart city» жобасына сай дамыту деп жауап берді.

Интернетке деген сұраныс әсіресе Шымкентте екі жыл қатарынан жалғасқан карантиндік шектеулер кезінде қатты білінді. Оқушылар мен көптеген жұмысшылар үйде онлайн режимге көшкенде мегаполистегі цифрлық әлеуеттің қаншалықты деңгейде екендігі анық көрінді. Сондықтан Президент тапсырмасын орындау әрі заман көшінен қалмау мақсатында бүгінде бұл салада тиісті жұмыстар өте шапшаң түрде атқарылып жатыр.

Бұған дәлел ретінде басқарма басшысы қолға алынған және жоспарда тұрған істері жөнінде баяндап берді. Мәселен, 2021 жылы интернетті қолжетімді ететін 14 базалық станция орнатылып, 200 мыңға жуық халық сапалы ғаламтор игілігіне қол жеткізсе, биыл 12 базалық станция қою жопарда бар. Тіпті бүгінгі таңда дейін оның төртеуі қаланың шалғай елді мекендеріне орнатылып үлгерді.

«Құдайға шүкір, бұрынғы кезбен салыстырғанда интернет сапасы анағұрлым артып, оған қолжетімділік те әдеқайда өсе түскен. Мойындау керек, алғашында кейбір қаладан жырақта жатқан ауылдарда тіпті ұялы телефонмен қоңырау шалудың өзі мұң еді. Содан бері жағдай оңалып, елді интернетпен қамту, салаларды цифрлы форматқа көшіру деңгейі жедел түрде іске асырылып жатыр. Өйткені бұл мемлекеттің назарында тұрған басты міндеттердің бірі. Цифрландыру жүйесінің озықтығы жалпы елдің бүгінгі таңдағы әлем алдындағы дамуының рейтигісі, негізгі көрсеткішінің бірі болып саналады. Бұл тұрғыда Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз жоқ емес, — дейді Әсет Маратұлы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР