2022-11-28 14:53:47
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақытылы төлеуге кеңес береді

2022 жылдың 1 қазанында жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелеріне 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.  Салық берешегі 40 АЕК-тен жоғары азаматқа Қазақстаннан кетуге тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Бауыржан Омартаев мәлімдеді.

«Өткен жылдың салық төлеу мерзімі екі күн ішінде аяқталады. Салықты уақыты төлеуге асықпайтындар жетерлік. Осы ретте, төлемеген жағдайда, кешіктірілген әрбір күнге өсімпұл жүретін болады. 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар борышкерлерге жолданады. Өңірдегі 50 мыңға жуық меншік иесі 700 млн. теңгеден астам салық міндеттемесін әлі орындамаған. Сондықтан артық шығындар мен келеңсіз жайларды болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуге шақырамын» — деді  спикер.

Бір айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы бес жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі. Жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қойып, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.

Ал банктер жеке тұлғаларға банк шоттарын ашудан бас тартуға міндетті. Алайда бұған әлеуметтік төлемдер, зейнетақылар, алименттер алуға арналған банк шоттарын, сондай-ақ білім беру жинақтау салымы шоттары жатпайды.

Салықты «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен және банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР