2024-03-28 22:09:43
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жыл басынан 14 000-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен

Шымкент: «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жыл басынан 14 000-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар (1 орталық 2 бөлімше) . Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен.

Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.

«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.

Айта кету керек, жаңадан ашылған бөлімше Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесінде орналасқан. Онда жартылай стационарлық жағдайда екі ауысым бойынша күн сайын 140 зейнеткерге қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мұнда дәрігерлік тексеруден өтіп қана қоймай, ART терапия, әсемдік жасару терапиясы, караокемен ән айту, хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру сияқты сауықтыру шараларынан өтеді. Сонымен қоса бос уақытты тиімді өткізу мақсатында бильярд, теннис, садақ ату, бассейн, массаж, тренажерлық қызмет түрлері де қарастырылған. Жалғызілікті жандарға арналған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР