2024-06-16 11:54:53
31.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шағынаудандардағы жаңақұрылыс аумақтары электр қуатымен қамтылады

Шағынаудандардағы жаңақұрылыс аумақтары электр қуатымен қамтылады

Шымкенттегі барлық шағынаудандар 100 пайыз мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен қамтылған. Бұрынғы жекеменшік трансформаторлардан жарық алу мәселесі бірте-бірте нарықтан ысырылып, қала тұрғындары сапалы электрдің игілігін көруде. Ендігі жерде жарық жеткізуде шағынаудандардың жаңақұрылыс аумағындағы жүйелердің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Сайрам, Бозарық, Асар-2 және Құрсай шағынаудандарына электр желісін жеткізу құрылысы биыл басталды. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жылға жоспарланып отыр.

– 2023 жылы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанда, оның ішінде 5 елді мекеннің ішкі жүйелері және 1 қосалқы станцияның құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар үшін 4,3 млрд теңге қаржы қаралып, 2,6 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Нысандарды атап айтар болсақ «Ақжар» қосалқы станциясы, Батыс, Тұран, Түркістан, Нұрсәт және Қайнарбұлақ елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында желі тарту құрылысы атқарылып жатыр.

Одан бөлек, «110/35/10 кВ Ынтымақ» және «110/10 кВ Бадам» электр желісін тарату станция мен Бозарық, Асар-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында құрылыс жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде, – деді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков.

Екінші жарты жылдықта Тұран, Түркістан және Нұрсәт шағынауданының жаңақұрылысында мердігерлер 153,2 шақырым аумақтағы ішкі жүйелерін тарту кезінде 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор және 1 қосалқы станцияны орнатады. Ал, алғашқы жарты жылдықта Батыс, Қайнарбұлақ елді мекенінде құрылыс аяқталып, 50 мыңға жуық адам сапалы электрді қолдануға мүмкіндік алды. Жыл қорытындысымен «Ақжар» 110/35/10 кВ қосалқы станциясы, Тұран РП және Түркістан шағынауданында құрылыс аяқталып, 12 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылмақ. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 98% -дан 100% ға өседі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР