2024-04-18 22:58:59
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сәуледе атқарылған шаруа көп

Сәуледе атқарылған шаруа көп

Бүгінге дейін Сәуле шағынауданыедағы 276 орамның инфрақұрылымдық мәселесі қаланың күн тәртібінен түспей келген еді. Ендігі ретте қаланың даму жоспарына сай инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір 276 орамда инженерлік жүйелермен қамту бойынша құрылыс жоспарлы кестемен атқарылу үстінде. Елді мекен ауыз сумен толық қамтылған. Сапалы электр жарығын жеткізу үшін құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған болатын.

Бұған сәйкес ұзындығы 76,2 шақырымдық ішкі орамдық желі тартылды ол өз кезегінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туғызып отыр. Ал табиғи газбен қамту үшін ішкі орамдық құбыр жүйесін тарту жұмысы осы жылдың алғашқы жартыжылдығында басталды. Газ жүйелерінің ұзындығы – 28 шақырымды құрайды.оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Қалалар қай кезде де адамзат өркениетінің күретамыры саналып келді. Мегаполис болған соң ол жерде ғылым да, мәдениет пен экономика да қарыштап дамиды. Ал бұл жағдайда ірі қаланы шеткі аймақтарымен қоса өркендету маңызды. Сондықтан да бүгінгі таңда мегаполистің орталық аудандарынан шетте өмір сүріп жатқан тұрғындарды өзінің нағыз қала азаматы екенін сездіруге барынша көңіл бөлініп, жағдай жасалуда.

«Сәуле» шағынауданы инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылған. 26,1 шақырым көшелердің 23,1 шақырымы (88,5 %) асфальттанған. 2021 жылы Көктөбе, Ж.Жабаев көшесі жарықтандырылды. Жарықтандыру жұмыстары қаланы дамытудың жоспарына сәйкес алдағы уақытта да жалғасатын болады.

195 орам да инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз  етілді. Электр қуатымен қамту жұмыстары 2019 жылы,  ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған. 2021 жылы газ жүйелерінің құрылысы толық орындалды. 2022 жылы наурыз-сәуір айларында АГРС №3 газ тарату станциясы іске қосылған соң абоненттерге қосу жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылы 8 көшеге (3,4 шақырым) тас төселді. 2022 жылы Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, Қарағанды және №1 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қолға алынбақ.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Сәуле шағынауданы тұрғындарына №32,43 маршруттар қызмет көрсетуде. 195 орам бойынша №16 автобус бағыты Төле би көшесіне дейін тұрақты

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР