2024-11-02 09:50:44
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»: Студенттер маман кеңесін тыңдады

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»: Студенттер маман кеңесін тыңдады

Бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттер үйінде гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты іс-шара өтті.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы әлімжеттік, ертежүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.

Жиынға Шымкент қаласы іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы, Шымкент қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанты Жаңыл Қаныбекқызы, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.

– Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау – біздің мақсатымыз. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулуда мамандардан дұрыс ақпарат алды деп ойлаймын, – деді іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР