Бұл ретте өсім тұрғын емес ғимараттар салу есебінен болды.
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8% – ға ұлғайып, 295,4 млрд.теңгені құрады.
Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4% – ға) мен құрылыстарды (5,3% – ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2023 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын ғимараттар (12,5%) құрылысы бойынша жұмыстар ең көп үлесті алады.
Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы республиканың 19 өңірінде байқалды.
Ең үлкен өсу:
- Жамбыл облысы-75,2%
- Маңғыстау облысы-55,6%
- Ақтөбе облысы-27,8%
- Абай облысы – 25,3%
- Қызылорда облысы – 21,3%
- Атырау облысы – 18,9%
- Павлодар облысы-17,0%
Айта кетейік, республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.