2024-02-21 03:47:40
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда оң рульді авто конструкторларды әкелуге тыйым салынады

Қазақстанда оң рульді авто конструкторларды әкелуге тыйым салынады

Қазақстанда тізгіні оң жақтағы жеңіл автомобильдерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салынды. Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Елімізде қауіпсіздік стандарттарын сақтау мақсатында оң рульді автокөліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мұндай көлік құралдарын конструкторлар түрінде әкеліп заңнама нормаларын айналып өтуде. Осылайша, ол көліктердің қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолға шығуда және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл шектеу осындай бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

«Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 67-бабына сәйкес 2007 жылдан бастап Қазақстанда оң рульдік автомобильдерді заңдастыруға тыйым салынғанға дейін аталған көліктерді заңдастыруға мүмкіндік болған.

2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР аумағына бір реттік 200 мың теңгелік заңдастыру шеңберінде 240 мыңнан астам көлік заңдастырылды, оның ішінде 22 мыңға жуығы конструкторлар, яғни оң рульді көліктер. Бұйрық күшіне енгенге дейін әкелінген машиналар белгіленген заңнама шеңберінде заңдастырылатын болады.

Аталған бұйрық 16 қаңтардан бастап күшіне енеді, тыйым салу шаралары Шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитеттерімен іске асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР