2022-09-28 02:26:19
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2023 жылдан бастап өседі

Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000-нан 70 000 теңгеге дейін ұлғаяды, Citynews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірісі өседі.

Бірінші кезекте ең төменгі жалақының көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.

Осы тапсырманы орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары динамикалық тәсілдемеге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақы айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісті.

Ең төменгі жалақы еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және тиісті қаржы жылына әр жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленетінін естеріңізге сала кетейік.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Президент ең төменгі жалақы деңгейін көтеру жөнінде шешім қабылдады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР