2024-03-29 11:55:05
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала экономикасына тартылатын инвестиция көлемі артып келеді

Қала экономикасына тартылатын инвестиция көлемі артып келеді

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ биыл жалпы инвестиция көлемі 1 трлн теңге болатын 100 әлеуетті жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. 2022 жылдың І тоқсанында жалпы құны 149,7 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жоба бойынша келісімшарттар жасалды. Оның ішінде, білім саласында – 5 (52 млрд теңге), денсаулық сақтау саласында – 1 (0,7 млрд теңге), көпқабатты тұрғын үй құрылысы бойынша – 13 (73,9 млрд теңге) және өнеркәсіп саласында 17 жоба (69,8 млрд теңге) тіркелді.

Бүтіндей алғанда, осы келісімдердің нәтижесінде алдағы уақытта 5 мектеп, 1 емхана, 292 437 шаршы метр тұрғын үй салынып, 7672 жұмыс орны ашылатын болады.

Айта кету керек, жыл басынан бері корпорация тарапынан 29 709 шаршы метр көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге жыл соңына дейін 150 870 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Өз кезегінде қала әкімдігі бұл жобаларды жүзеге асыруда барлық қолдау шаралары толық көрсетілетінін меңзеп отыр. Сондай-ақ, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына да тиісті орган тарапынан баса назар аударылады.

Ал, қаладағы кәсіпорындармен осы жылдың 3 айында 211,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі, өңдеу өнеркәсібінде болса, 176 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптің өсу қарқыны 119 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 121,2 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 731 кәсіпорын белсенді жұмыс атқаруда, оның ішінде, ірі – 26 кәсіпорын бар болса, 42-сі орта кәсіпорын санатына жатады.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының таратқан мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың басында мегаполистің негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге инвестиция құйылған. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырар болсақ, өткен жылдың басында қала экономикасына 38,7 млрд теңгенің инвестиция тартылған. Демек биылғы инвестициялық өсім қарқыны 194 пайызға жоғарылады. Жалпы жыл соңына дейін барлық сала бойынша қалаға 538 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР