2023-02-04 12:22:42
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Қайта қалпына келтіру жұмыстары қала әкімінің тікелей бақылауында

Қала аумағында жоғары қысымды газ құбырында авариялық жағдайдың туындауына байланысты бірқатар елді мекендерде газ беру уақытша тоқтатылды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов апат орын алған аймақтарға барды. Мәселенің мән-жайымен танысқан қала әкімі  жауапты мекемелерге қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез арада жүргізуді тапсырды.

Апат салдарынан қаладағы бірқатар шағынаудандарда жылыту қазандықтарында уақытша газ беру тоқтатылды.

Атап айтқанда, олар – Наурыз, Тұран, Түркістан, Бам, Нұрсат, Қайтпас шағын аудандары мен әкімшілік-іскерлік орталық аумағы (тұрғын үй, қоғамдық және коммерциялық мақсаттағы объектілерді қоса алғанда), Бәйдібек би даңғылының бойындағы «Бозарық» айналымынан Рысқұлов көшесіне дейінгі нысандарда және  «Тұмар» ТК, «Дендропарк» ТК, «Биік» ТК, Сайман, «Наурыз парк» ТК, Нұрсат шағынауданы қазандықтары.

Дәл қазіргі уақытта апат орнындарында арнайы мамандардан құралған топ қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң тұрғындарға газ берілетін болады.

Осыған орай,  қала тұрғындарына газ құрылғыларын қосулы қалдырмауын және газды қайта қосу кезінде техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Не болмаса арнайы мамандардың көмегіне жүгініңіздер.

Бұл қауіпсіздіктің алдын алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР