Бүгін, әріптестерім Шымкент қалалық “Nur Otan” партиясының фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттарымен бірге «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында “құрылыс нысандарын араладық.
Мониторинг барысында №2 Өнер мектебі және Еңбекші алаңы жұмыстарын қадағалап, құрылысы барысымен танысып, мекемеге жауапты азаматтармен кездестік. Кездесу барысында мекеме өкілдері
көкейінде жүрген сұрақтары мен мәселелерін көтерді. Біз мәселелерді бақылауға алатынымызды, тиісті шешім табуы үшін тиісті мекемелерге жеткізілетінін, етене жұмыстар атқаратынымызды жеткіздік.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!