2024-04-20 11:54:47
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Министр журналистермен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында бірнеше мекемені аралап, тиісті сала өкілдерімен және қала жұртшылығымен жүздесті. Алғашқы жиын мегаполистегі басты ақпарат құралдарының бірі Ontustik телеарнасында журналистермен жүздесуден басталды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізген кездесуде Дархан Қуандықұлы министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы қысқаша баяндап берді.

Министрлікте бірнеше сала бар. Соның ішінде ақпарат саласының орны ерекше деді Д.Қыдырәлі. –Түркістан, шымкент еліміздегі БАҚ өкілдері ең көп шоғырланған аймақтың бірі. Тоқсаныншы жылдары көптеген жекеменшік БАҚ-тар пайда болды. Сондықтан Шымкенттегі масс-медианың шоқтығы әрдайым биік. Бүгінгі таңда министрлік тарапынан БАҚ туралы заң әзірленуде. Парламентке жолданға дейін талқылаудан өтеді. Белгілі заңгерлер мен сарапшылар заң жобасын әзірлеуге тартылды. Онда негізінен журналист мәртебесі, субсидиялау, жарнама ісін реттеу сынды аспектілер қамтылған. Интернет үшін де арнайы заң қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда журналистің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды қадамдардың бірі болып тұр. Ақпарат жылдам дамып жатқан уақытта бұрынғыдай сұраныс хатты 7 күн қарастыруды қысқартуды ойластырып жатырмыз. Сонымен бірге газеттерді тарататын Қазпочта мен қағазды бір көзден тікелей жеткізу мәселесі бойынша да алдағы уақытта келісімдерге қол жеткіземіз. Тек заңнама емес, оқыту мәселесі де назардан тыс қалмау керек. Өйткені медиасауаттылық бәрімізге қажет. Меtа компаниясы өзінің өкілдігін Қазақстанда ашуға келісімін беріп отыр. Tik-tok-ты да қазақша сөйлету жоспарда бар. Осының барлығы отандық медианың дамуына елеулі үлесін қосады. Журналистерге білім керек. Постшындық дәуірінде өмір сүрудеміз. Медиаға түрлі шабуылдар жасалып жатады. Манипуляцияға өзіміз де түсіп қалмау үшін ақ пен қараны ажырата алатын деңгейде болуымыз тиіс. Сондықтан қолына қалам ұстаған жандар әрдайым шындықтың жағында жүруі керек. Қазіргі уақытта журналистерге арналған басқосуларды көбейтіп жатырмыз. Алдағы кезде Орта Азия БАҚ өкілдерінің медиа форумын өкізуді ойластырып отырмыз. Мұның барлығы тәжірибе алмасу, біліктілікті көтеру үшін керек.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР