2024-04-23 06:39:02
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мереке қарсаңында перзентханада босанған аналарға құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында перзентханада босанған аналарға құрмет көрсетілді

Бүгін Шымкенттегі қалалық №2 перзентханада дүние есігін ашқан сәбилерді үйге шығару рәсімі салтанатты мерекеге ұласты. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында сәбилі болған отбасыларға ерекше қуаныш сыйлады.

Салтанатты мерекеде отбасыларға әсем әуен арналып, ақ тілектер айтылды. Арнайы ертегі аниматорлары мерекені сезіндіріп, дәмді торт ұсынды.

– Қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде бұл мереке аталып өтеді. Жастар ресурстық орталығы да мерекеге өз үлесін қосып, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырдық. Жас отбасыларды гүлмен, дәмді тәттілерімен күтіп алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын. Іс-шара басталғалы бері алты отбасыны құттықтадық. Жас аналарға тосын сыйымыз ертең де жалғасын табады,– деді Әл-Фараби ауданы әкімдігінің жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бөгенбай Қайратұлы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шымкент қаласында жыл басынан бері 20 667 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 10 678 ұл бала, 9 989 қыз, 267 егіздер дүние есігін ашыпты. Қоғамда отбасы құндылығы мен маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жас отбасыларға күтпеген сый болды.

– Осы аптада немерем, ұлымның тұңғыш перзенті дүниеге келіп, айтулы күнде перзентханадан шығару рәсімі бұйырыпты. Қазақ әрқашан мұндайды жақсылыққа балайды. Қызымыз өсіп, еліне қызмет ететін ерекше бала болады деп сенемін. Қошемет көрсетіп, сый-құрметке бөлеп жатқанына үлкен рахмет. Отбасы — құнды, киелі ұғым. Мұны жастарымыз түсініп, сезінуі үшін мейрам етіп тойлау тамаша үрдіс деп ойлаймын,– дейді шымкенттік ана Феруза Ташанова.

Айта кетейік, мерекелік іс-шара апта бойы қаламыздың бірнеше перзентханасында ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР