2024-04-24 09:08:32
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

“Менің сүйікті дәрігерім” акциясы жалғасуда

“Менің сүйікті дәрігерім” акциясы жалғасуда

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жыл сайынғы “Менің сүйікті дәрігерім” акциясы биылда дәстүрлі түрде өз жалғасын табуда.

Акция аясында 28 қараша 2 желтоқсан күндері ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Шымкент, Жетісай, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде аялдап, 18-жастан асқан пациенттерге тегін кеңес береді.

Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру болаып табылады.

Мамандар тобында: Кардиохирург Ерлан Денеев, Аритмолог Ринат Камиев, Ангиохирург Талғат Сәрсембаев, Кардиолог Назира Алибаева.

Мамандары диа­г­­нос­тика­лық зерттеулер мен кон­­сультациялар өт­кізу барысында кепілдендірілген тегін ме­­дициналық көмек көлемі шең­берінде стационарлық емді қажет етуші па­циенттерді іріктейтінін, ал бұл санатқа енбеген және ерекше күтімді қажет ететін пациенттер ақылы бөлімге жүгіне алатынын айта кеткен абзал.

Шымкент қаласы аумағында қабылдау күндері мен мекенжайы: Шымкент қ. — 28 қараша. Шымкент Жүрек Орталығы

Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).

Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:

— кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;

— аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.

— ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

Қабылдауға жазылу үшін + 7 701 203 03 88 немесе +7 7252 37-10-22 нөміріне хабарласа аласыздар. Немесе қабылдау өтетін күні Жүрек орталығына барып, тіркеуден өтуге болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР