2024-04-23 20:33:16
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мемлекеттің басты құндылығы – адам

Мемлекеттің басты құндылығы – адам

Шымкентте Azala Cotton кәсіпорнының еңбек ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өтті. Еңбек ұжымымен кездесуге қалалық қоғамдық кеңес мүшелері келді. Жүздесу барысында Шымкент қалалық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан ӘЛТЕЕВ алдымен сөз алды.

– Мемлекет өздігінен өмір сүре алмайды. Оның басты құндылығы – адам, адам ресурстары, аумақтық тұтастық және экономика. Экономика мемлекеттің дамуына ғана емес, оның әрбір азаматының әл-ауқатын арттыруға да бағытталуы керек. Қоғамдық кеңес жанына іс-шараларымызды жоспарлайтын, еңбек ұжымдарын таңдайтын қалалық штаб құрылған. Біз әр адаммен көзбе-көз, жан-жақты кездесеміз, түсіндіреміз. 1991 жыл мен қазіргі жағдайымызды салыстырыңыз. Бүгінде жеткен жетістіктеріміз көп. Иә, кемшіліктер болды және бар. Мемлекет – тірі ағза, ол дамып келеді. Адамдар, мемлекеттік қызметкерлер бір жерде қателесуі мүмкін, біз одан сабақ аламыз. Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүргенімізге небәрі 30 жыл болды. Бұл өте аз! Бірақ біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ал жеткен жетістіктеріміз еселене түсуі керек. Биылғы Жолдауда саяси реформадан экономикалық реформаларға көшетін кез келгені айтылған. Ұлттық қордан балаларға ең болмағанда төлем алу. Бұл қашан болды? Біз БАӘ-ді әрқашан үлгі етіп келеміз. Ал бізде бірдей жүйе бар. Өндіріс өсуі керек, оған көмектесуіміз керек, — деп түсіндірді Б.Әлтеев.

Президент Жолдауындағы еліміздің экономикалық дамуы, жаңа тарифтік саясатқа көшу қажеттігі туралы сөздері, Салық кодексіндегі өзгерістер де өзекті. Кәсіпкерлікті қолдауға, нақты секторды тұрақты несиелендіруге көп көңіл бөлінуде. Өзгерістер медицина мен білімге әсер етті. Жолдаудағы маңызды жайттардың бірі – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де назардан тыс қалмады, бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту дер кезінде қабылданған шешім болды. Б.Әлтеев осы мәселелер жөнінде ой қорытты.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ербол ЖОЛБАРЫСОВ мұндай кездесулерге халықтың алғысы шексіз екенін баса айтты.«Біз реформалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Конституциялық заңға 49 өзгеріс енгізілді. Ал мұны әрбір адам анық түсініп, білуі керек. Біздің жоспарымызда еңбек ұжымдарымен көптеген кездесулер бар», — деді Е.Жолбарысов.

Қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, бюджет және экономика жөніндегі комиссия төрағасы Исмаилбек ШАЛАБАЕВ осындай кездесулерде тұрғындардың әлеуметтік сауалдарды жиі қоятындығын айтты.

«Бүгін «Азала» фабрикасының қызметкері АӘК алу үшін әртүрлі кеңселерге көп бару керектігін айтты. Енді құзырлы орындарға барудың қажеті болмайды, бәрі автоматтандырылады. Медиация органдарымен, осы салаға жауапты жетекші мамандармен келісіміміз бар. Олар тегін көмек көрсетеді», — деді И.Шалабаев.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмыстарын енді ғана бастады. Жоспарларға апта сайын еңбек ұжымдарымен кездесулер енгізілген. Бұл жұмыс өз жемісін беруде. Жиыннан кейін халық спикерлерді көпке дейін жібермей, сауалдарын қойып, елімізде болып жатқан өзгерістер мен реформаларға қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР