2024-04-19 09:42:19
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мемлекеттік грантқа өтінім беруден қалып кетпеңіз!

Шымкентте 29 тамыздан бастап  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Ескерту!

Өтінімдер 29 тамыздан 9-шы қыркүйекке дейін қабылданады(сенбі-жексенбі, яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Білгеніңіз абзал, белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда, өтінімдер қабылдау тоқтатылады.

Жұмыспен қамту, «Бизнес бастау», мемлекеттік грант бойынша сұрақтарыңыз болса қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімшелерінің байланыс телефондарына хабарласыңыздар.

АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: 8707 453 08 03

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: 8775 299 66 20

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: 8702 934 80 41 (Whats app)

ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: 8705 287 60 44

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат  09.00-19.00 (түскі үзіліс сағ 13.00-15.00) көрсетілген уақыт аралығында ғана байланыса аласыздар.

Мемлекеттік грант жаңадан кәсіп бастағандарға стартап жобаларды қаржыландыруға зор мүмкіндік. Осы арқылы азаматтар тегін мемлекет ұсынған қаржыға қол жеткізіп, армандаған бизнес идеясын іске асыра алады. Әсіресе шағын кәсіпкерлер үшін бұл аяққа тұру үшін мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен көмек. Көлемді қаражат мәселен, керекті құрал-жабдық сатып алуға таптырмас жәрдем. Немесе бизнес жоспарда көрсетілген басқа да мақсаттарды орындауда грант қаражаты айрықша септігін тигізеді. Сондықтан осындай жеңілдікті ұсынған сәтті құры жіберіп алмай, пайдаланып қалуға тырысайық ағайын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР