2024-04-26 03:25:23
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

М.Әйтенов сусын шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты

М.Әйтенов сусын шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда айына 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.

Құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. 37 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.

“Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.

Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді.

Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.

“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қала әкімі мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында мұндай кәсіпорындардың үлкен рөл атқаратынын және осы бағытта жоспарлы жұмыстарды барынша жандандыру қажеттігін жеткізді. Ел экономикасының драйвері саналатын өндіріс орындарының артуы жұмыс орындарының көптеп ашылуына да мүмкіндік береді. Сонымен қатар цех басшысы мен ұжым қызметкерлеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР