2024-04-26 03:44:44
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзілуде

Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзілуде

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының  жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шаһарда вакцина қоры жеткілікті. Ендігі ретте тұрғындар екпе алып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. КВИ жұқтырған азаматтарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Ш.Мұқан ауруханадағы жаңадан салынған оттегі тарату стансасының жұмысымен танысып, дәріхана қорын аралап көрді.

Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзілуде

Қалалық №5 емханада тиісті жұмыстар атқарылуда. Онда күніне 50-ден астам адам ревакциналаудан өтеді. Шыңғыс Жұмабекұлы мекемедегі вакциналау бекетін және ситуациялық орталықтың жұмыс барысын бақылады. № 3 қалалық емханада да вакциналау қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталып отыр. Қалада вакцина қоры жеткілікті. Қажетті төсек-орындар дайындалды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекеме басшыларына вакциналау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Екпені халыққа дұрыс түсіндіріп, тұрғындардың өз еркімен егу керек. Вакциналау  жұмыстары құқық қорғау органдары тарапынан қатаң тексерілуде.

«Шымкент келбеті» – Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР