2022-09-28 03:02:22
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Коммуналдық төлемдерді төлеу енді оңай

iShymkent.kz  платформасының келешегі өте зор болмақ. Қазірдің өзінде коммуналдық қызметтер автоматтандырылып, платформаға қосылды. Осыған арнайы диспетчерлік пункт, яғни халықтық кеңсе ашылып, қарапайым тұрғындар сол жерден монополистермен келісімшартқа тұра алады.

Ендігі жоспарда Мүлік иелері бірлестігі мен Жай серіктестік жұмыстарын автоматтандыру тұр. Жалпы тұрғын үй реформасында көзделген жаңа басқару нысанына өту үшін үй тұрғындарының осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылатын басқосуына түгелдей дерлік қатысуы міндетті. Осы тұста әркім жеке шаруасымен жиналысқа уақытында қатыса алмай қалатыны тағы бар.

Сондықтан бұл істі жеңілдету үшін жауапты маманның пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласындағыдай цифрлы жүйеге көшіру керек. Ал ол міндетті Шымкентте iShymkent.kz  платформасы жүзеге асыра алады. Жалпы басқарма басшысының ойында барлық саладағы қызмет түрлерін, мәселен, білім беру, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау секілді функцияларды жоғарыда аталған бір платформаға біріктіру идеясы жатыр. Сонда Шымкенттің тәуелсіз, өз алдына жеке экожүйесі пайда болмақ.

Қала әкімдігі тарапынан қоғамдық көліктер саласын цифрландыру ісінде де біраз мақтанарлық дүние бар. Соның ішінде іКөлік жүйесін атап өтуге болады. Бұл цифрлық қызмет автобустар қозғалысын ұялы телефондағы қосымша арқылы бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында мыңнан астам қиылыс пен үш жүзге жуық бағдаршам бар. Үш бағдаршам ғана комутатор арқылы жұмыс істейді. Яғни көлік кептелісі кезінде жағдайға қарай диспетчерлік орталықтан бағдаршам түстері реттеліп отырады. Алдағы уақытта тағы қаладағы 70 бағдаршам комутаторлық бақылауға өтеді. Бұл жаңғыртудың бірінші кезеңі. Цифрлық модернизацияның екінші кезеңінде бағдаршамдарға ақылды датчиктер қойылады. Сонда алуан түсті құрылғы жолдағы қозғалысты өз еркімен анализ жасай отырып реттейтін болады. Маманның сөзінше мұндай жүйеге тезірек өтіп үлгермесек, алдағы 5 жылда көлік санының көптігінен жолдарда ұзын-сонар кептелістер орын алуы бек мүмкін екен. Бұдан бөлек мегаполисте жеке меншік ІТ хаб ашу көзделіп отыр.

Ол коворкинг орталық секілді қызмет атқаратын болады. Бұған да әкімдік тиісті инвестор қарастыру үстінде. Жалпы жыл басынан бері қаланың цифрлық даму жоспарларын іске асыруға миллиардтаған қаржы инвестиция тартылып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР