2024-11-03 17:39:49
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Көгілдір отын тапшылығы енді болмайды

Көгілдір отын тапшылығы енді болмайды

Қалада 81 елді мекен болса, соның 41-і кезінде Түркістан облысының аудандарынан мегаполиске өткен ауылдар. Қала әкімдігі алдымен инфрақұрылым мәселесін түбегейлі шешіп алудың қамына кірісіп, магистралды газ, су құбырлары тартылды.

Бұрын көп кәсіпорындар газ қуатының тапшылығынан зардап шегетін. Көптеген жеке сектордағы үйлер табиғи газға қосылу бойынша жарияланған мораторийдің салдарынан «көгілдір отынға» қосыла алмай келді. Жаңадан пайдалануға берілген АГРС-3 газ тарату станциясының септігімен мегаполис бойынша «көгілдір отын» қуаттылығы артып, мораторийлік шектеу алынып тасталды.

Жоғарыда аталған Асар-2 шағын ауданының тұрғындары да осы станция арқылы тарайтын табиғи газдың игілігін көріп отыр. АГРС-3-тің қуаттылығы 250 мың текше метрді құрайды. Бұрынғы ескі станция 180 мың текше метр газ тарататын. Ол қуаттылық қаланы газбен жабдықтауға толық жетпейтін. Жаңа станцияның мүмкіншілігі қаланың сұранысынан да артып отыр.

Сондықтан АГРС-3-тің салынуы жалпы мегаполистің дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Жоспарға сәйкес Көмешбұлақ су көзінен 25 шақырымдық магистралды су құбыры тартылды. Қаланың солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіндегі Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Батыс, Жаңаталап, Көкбұлақ, Игілік секілді елді мекендер осы магистралды құбыр арқылы таза әрі сапалы ауыз су ішіп отыр. Сондай-ақ «Бозарық 220/110/10 КВ» қосалқы станциясы мен 110 кв қоректендіру желісі бар «1-М-1» қосалқы станциясы іске қосылды. Аталған нысандар қала шетіндегі шағын аудандарды электр жарығымен қамтамасыз етуге толық жетеді. Соның нәтижесінде, 250 мың халық тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабтары үздіксіз электр қуатымен жабдықталды. Қала әкімдігі 2023 жылы үшінші мегаполисте ауыз сумен қамту көрсеткішін жүз пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда қалаға қарасты 81 елді мекеннің 78-інде ауыз су болса, қалған 3 ауылға Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алаптарына кестемен беріліп отыр.

Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай (1,2 – кезең), Асар-2 (екінші кезең), Нұртас ВС, Текесу елді мекені, Еңбекші ауданына қарасты жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ ауылы. Ал, Сайрам елді мекенінде құрылыс жұмысын бастау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілген-ді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР