2024-03-19 14:17:19
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кітапхана қорында балалар әдебиеті 390 мың данадан асады

Кітапхана қорында балалар әдебиеті 390 мың данадан асады

Шымкент қалалық орталыктандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана.

Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Ақерке» балалар залы да бүлдіршіндерді кітап оқуға ынталандыруда.

Залда жылына оқырмандарға 765 мың данадан аса кітап берілуде. Оқу залына соңғы 3 жыл көлемінде 18 593 дана жаңа кітаптар қорға алынған.

Кітапханалардың кітап қорлары көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасына қосымша балаларға арналған анықтамалық әдебиеттермен, танымдық, сала жанрлары бойынша балалар әдебиеттері мен қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілермен толықтырылған.

Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР