2024-04-18 12:52:48
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кәріз жүйесімен қамту деңгейі өсіп жатыр

Кәріз жүйесімен қамту деңгейі өсіп жатыр

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланып отыр. Осы межеге қол жеткізу мақсатында 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елді мекендері кәріз жүйесіне қосылады. Ал, Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйелері және Достық, Қайтпас-2, Солтүстік-Батыс шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады.

Сонымен бірге, Достықтағы кәріз сорғы станциясы КНС (қайта құру), Арғынбековтегі коллектор, Тұрандағы ішкі магистрал, Бозарықтағы 74 гектар аумақтық құрылыс жұмыстары да өз мәресіне жетеді. Ал, Нұртас, Тараз шағын ауданы, Айша бибі көшесі, 112 орам құрылысы осы жылы басталмақ. Қаламыздың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Мәселен, Қазіргі уақытта Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы қарқынды жүруде. Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Аталған канализациялық коллектор құрылысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Нәтижесінде, Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады. Айта кету керек, биыл қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 16 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда аталған шағын аудандардың ішіндегі Мирас елді мекенінде 980 үй орналасқан. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша бар. Шағын аудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Енді кәріз жүйесін тарту ғана қалып отыр. Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады. Бүгінде құрылыстың біразы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына деп жоспарланып отыр. Құрылысты атқарушы мергілер компания – «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС. Ал оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР