2024-04-24 20:17:03
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Интернет желісіне қосылған үйлер саны артуда

Интернет желісіне қосылған үйлер саны артудаШымкенттегі тұрғын үйлердің 70 пайызға жуығы жеке сектордағы жер үйлер екенін ескерсек, елді мекендерді интернетке қосу жұмыстары тым баяу жүрер еді. Осы мәселенің оң шешімін табу мақсатында басқарма үлкен жүкті міндетіне ала алатын әлеуетті инвесторларды іздестірді. Сөйтіп жергілікті жерден, яғни өзіміздің Қарағанды мен Маңғыстау облыстарынан инвесторлар табылып, Шымкент қаласы әкімдігінің талап-тілегіне үн қатты.

Содан бері 2021 жылдың маусымынан бастап екі инвестордың біреуі Шымкент маңындағы халық көп шоғырланған Сәуле, Достық, Асар секілді 10 елді мекенге талшықты-оптикалық интернет желісін жүргізді. Биыл қосымша тағы 15 елді мекенге интернет желісі тартылып, бұл көрсеткішті 75 пайызға жеткізу межесі қойылып отыр. Соның арқасында Самал-3, Құрсай, Еламан, Қазығұрт елді мекендерінің тұрғындары сапалы интернет игілігін көре бастады.

Бұл ретте инвесторлар қолға алған бастамаларына қаржы құюды аяп жатқан жоқ. Өз кезегінде қарапайым халық та қолдау білдіріп, өз ықтиярлығымен есігінің алдына келіп тұрған интернетке қосылса, 2025 жылға қарай Шымкентте интернетпен қамтылу көрсеткіші жүз пайызға жетеді екен. Бұл цифрды жүзеге асыру әлбетте бірінші кезекте елді мекен тұрғындарының өз қолында тұрған дүние екенін ұмытпау керек.

Шымкенттен 20 шақырым қашықтықта орналасқан Сайрам, Тоғыс, Маятас сынды ауылдар бар. Оларға талшықты-оптикалық интернет желісін тарту тым қымбат.

Сондықтан оның басқа шешімі ретінде биіктігі 40 метрлік радиотолқын таратқыш мұнаралар арқылы интернетпен қамту көзделіп отыр.

Бір ерекшелігі мегаполистің орталық аудандарында да жер үйлер көп. Бұл ретте тағы бір инвестор «Фишнет» компаниясы 80 көшеге немесе 260 шақырымға интернет желісін жүргізді. Сонымен биылдыққа кабельдік интернет желісін тарту жоспарланған 15 елді мекенге тағы да сегізі қосылып отыр. Инвесторлардың бір жақсы жері, клиенттерге барынша жайлы жағдай жасауға тырысады. Мәселен, 112 квартал немесе Самал шағынаудан тұрғындарын интернет желісіне қосуға «Қазақтелеком» компаниясы құлық танытпаса, инвесторлар керісінше, халықтың өтініш қалайда орындаудың жолын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР