2024-03-29 20:14:15
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Халықпен жиі кездесу оң нәтиже беруде

Халықпен жиі кездесу оң нәтиже беруде

Шымкент қаласының іргесіндегі елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Коммуналдық мәселелердің оң шешім табуына мегаполистің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейінгі қаланың даму жоспары өзінің оң септігін тигізуде.

Оның үстіне республиканың үшінші қаласы атанған Шымкентті заман талабына сай үлкен мегаполис ретінде көркейту бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр. Осыған байланысты қала билігі қазіргі таңда барлық күш-қайратты шаһардың инфрақұрылымын жақсартуға аямай жұмсап жатыр.

Мәселен Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шым шаһар басшысы М.Әйтенов аталған елді мекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.

Айтып өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер «Туран Энерго групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал «Энерго ресурс Шымкентгаз» ЖШС газ құбырларын тартумен айналысуда. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, абоненттеу жүргізіледі.

Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір мұнда 22 көше бар. 4-і асфальтталған, 15 жолға тас төселген, қалған 3-і топырақ жол.

Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.

1 спорт алаңшасы ел иігілігінде, былтыр берілген.

Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер үшін алғысын білдірген тұрғындар, арыз-шағымдарын шаhар басшысына жеткізді.

– Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Нәтижесін де көрмедік. 2020 жылдан бері өзіңізбен жиі кездесіп, өтініштеріміз орындалып жатыр, енді жолымыз асфальтталып, сапалы электр энергиясын тұтынатын күн де алыс емес деп ойлаймын,-деді ауыл биі Ә. Балғабайұлы.

Мәселелердің таяу арада оң шешімін табуы үшін қала әкімі арнайы хаттама толтыртып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР