2022-09-27 19:56:15
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Газ қауіпсіздігі бойынша енді әр тұрғын келісімшартқа отыруы тиіс

Тұрғындарды газдан уланудан сақтау мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы арнайы үгіт-насихат жүргізіп, іс-шара аясында халықты табиғи газды пайдаланудың ережелерін бұлжытпай орындауға шақыруда.

– 2020 жылдың 6 желтоқсанында басқармада газ техникалық инспекциясы деген жаңа бөлім пайда болды. Бұған дейін мұндай қызмет функциямызға кірмеген еді. Басты мақсат – табиғи газдан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу. Егер қауіпсіздіктің сақталмағаны орын алса, тиісті шаралар көру. Міне сол уақыттан бері жаңа қызметті міндетімізге сай атқарып келеміз. Табиғи газ да тілсіз жау. Техника қауіпсіздігі талаптарын ескермесе, қайғылы жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан осының алдын алу мақсатында басқарма жанынан маңызды әрі жауапты қосымша функция пайда болды. Ал, жаңа бөлімнің ашылуына не түрткі болды десек, табиғи газ бойынша улану деректері көбейіп кетті. Тұрғындар газ пайдалану талаптарын сақтамауда. Сол үшін халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында осы бөлім құрылды, — деді басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.

Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау заңының баптары мен тармақтарына сәйкес, біріншіден, газ тұтынушы газбен жабдықтаудың қауіпсіздігіне баса мән беруі тиіс. Екіншіден, газ пайдаланушы тұрғын сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен арнайы келісімшартқа тұруға міндетті. Егер сервистік мекемелермен келісімшарт жасаспаса, газ көзінен ажыратылады. Қызмет көрсетуші компаниялармен келісімі бар үйлерді қауіпсіздер санатына жатқызамыз. Өйткені мұндай мекемелер білікті мамандары бар, аттестациядан өткен сервистік ұйымдар. Олар өз жұмыстарын беске біледі. Өкінішке қарай көп жағдайға тұрғындар солардың қызметіне жүгінбей, техникадан хабары бар бір кісілерге жөндетіп, кейін артынан газдан уланып жатады.

Бұл бойынша кез келген тұрғын I-Shymkent сайтына кіріп, аталған сервистік компаниялар туралы толыққанды мағлұмат ала алады. Қала бойынша бүгінгі таңда олардың саны – 13. Бірақ оларды үйге газ кіргізуші немесе газ қондырғыларын орнатушы мекемелермен шатастырмау керек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР