2024-04-19 15:39:44
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Цифрлық сауат ашу жолындағы қадам

Цифрлық сауат ашу жолындағы қадам

Сонымен биылдыққа кабельдік интернет желісін тарту жоспарланған 15 елді мекенге тағы да сегізі қосылып отыр. Инвесторлардың бір жақсы жері, клиенттерге барынша жайлы жағдай жасауға тырысады. Мәселен, 112 квартал немесе Самал шағынаудан  тұрғындарын интернет желісіне қосуға «Қазақтелеком» компаниясы құлық танытпаса, инвесторлар керісінше, халықтың өтініш қалайда орындаудың жолын қарастырады.

Басқарма басшысы әңгімесінде баяндап өткендей, бүгінгі таңда халықтың коммуналдық мәселесінің көпшілігі дерлік оң шешімін тапқан. Қазір барлық елді мекенде сапалы жарық бар, есік алдындағы колонкадан су арқырап ағып жатыр, көп отбасының шаңырағында «көгілдір отын» маздап тұр.

Бұрын қара түнек басып тұратын көшелердің біразында жарықшамдар жарқырап, түнгі қаланың сәні кіріп қалды. Қала берді, шайынды суларды ағызып әкететін кәріз жүйесінің шарапатын шетте отырған қала жұрты да көре бастады. Осындай коммуналдық игіліктер мен жақсылықтарды жан-тәнімен сезінген шымкенттіктер енді жайлы сервиске ұмтылуды жөн санап отыр. Ол әлбетте жылдамдығы асқан, сапасы артқан интернет. Қала билігінің ендігі көздеген мақсаты да цифрлық жүйенің инфрақұрылымын жасақтау болып отыр.

Соның үшін интернет желісін тарту ісімен айналысатын үшінші израильдік инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Пилотық жоба ретінде Тұрлан экспедициясы аумағындағы 10 үйді интернетке қосып көрмек. Келешекте Ынтымақ-1,2 және Нұршуақ шағынаудандарына интернет желісін тарту мақсаты қойылып отыр.

Әрине, қазіргідей цифрлық дәуірде интернет болмаса жұрт өзіне қажетті қызмет түрлерінің бірін де ала алмас еді. Ендігі жерде басқарманың алдында тұрған міндет – халықтың цифрлық сауатын ашу. Қызметтің барлық түрін халыққа қолжетімді ету үшін цифрлық жүйенің артықшылығын кәдеге жаратқан әкімдік тарапы бүгінде iShymkent.kz платформасын іске қосты. Сөздің басында айтылғандай, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 13 мыңдай халықты 5 бағыт бойынша  арнайы курстарға қатыстырудың жоспары түзіліп жатыр. Осы жоспар іске асқан жағдайда халықтың біршама бөлігі цифрлық сала бойынша білім игеріп шығады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР