2024-03-29 06:20:18
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Болашаққа қадам бүгіннен басталады

Болашаққа қадам бүгіннен басталады

«Болашаққа қадам» жобасы озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын, мектеп бітіруші түлектерге  кәсіби бағдар беруге бағытталған ашық алаңға айналды.

Осыған орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» жобасы аясында қаламыздағы бірнеше мектептің бітіруші сыныптағы оқушылары белгіленген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасады.

Ондағы негізгі мақсат-  оқушыларға  мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өмір екендігін түсіндіру. Мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау. Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты күшейту болатын.

Мектеп оқушылары «Әлем» БТ, «Назар» текстил, «SAGITEX» көпсалалы тігін фабрикаларында болды. Экскурсия кезінде кәсіпорындардың жұмыс барысымен, ондағы мамандармен жақынырақ танысып қайтты.

Алдағы уақыттарда да жастар орталығы жоба аясында оқушылармен мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруді жалғастыра бермек.   Өйткені, болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР