2024-04-19 05:38:59
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биыл Шымкентте «5-20-25» бағдарламасы бойынша 600-ден аса азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

Биыл Шымкентте «5-20-25» бағдарламасы бойынша 600-ден аса азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

Шымкент қаласында биыл «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 624 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен Отбасы банк арқылы жүргізіліп, қазіргі таңда 422 азамат несиелік баспанаға қол жеткізді. Сонымен қатар іріктеуден өткен 56 пәтер иесімен келісім шарт түзілуде.

«5-20-25» бағдарламасы Отбасы банк арқылы 25 жылға рәсімделіп, 20% бастапқы жарнасымен жылдық 5%-бен ипотекалық займ ұсынылады. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға, тұрғын үй кезегіне тіркелген барлық санаттағы азаматтар сонымен қатар әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері үміткер бола алады.

Айта кету керек, «5-20-25» бағдарламасының талап шарттарына сәйкес, өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 көрсеткішінен аспайтын, яғни соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (138 340 теңгеден) аспауы тиіс. Аталған шарттарға азаматтардың зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар жатпайды.

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады. Ондағы басты шарт – қазақстандықтардың табыс деңгейі болмақ. Жалпы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқан 2 жыл ішінде баспана құрылысына түрлі қаржы көздерінен 3,3 трлн теңге инвестиция салынған.

Бағдарлама жобасының негізгі мақсаты – үйдің қолжетімділігін арттыру. Әрбір қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін өз табысына қарай шешуге мүмкіндік берген. Бұл ретте қолдауға мұқтаж, әлеуметтік әлсіз топтарға басымдық беріледі, — деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР