2024-03-04 12:54:15
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Балық шаруашылығының беталысы жақсы

Балық шаруашылығының беталысы жақсы

Шымкент қаласы – республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында ауыл шаруашылығы саласымен қоса балық шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.

Бүгінгі таңда қала аумағында балық шаруашылығымен айналысатын 5 қожалық бар. Оларда жайын (сом) және тұқы (карп) тұқымдас балық түрлері өсіріледі. Олардың ішінде ең үлкені – «Алина» шаруа қожалығы. Аталған шаруашылық 2019 жылдан бастап 300-500 тонна аралығында африкалық сом және тұқы (карп) тұқымдас балық өндірумен айналысып келеді. Аталған қожалыққа ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ретінде мемлекеттік қолдау тұрақты түрде көрсетіліп отыр.

Айта кетерлігі, балық шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бекітілген қағида бойынша төмендегі қызметтерге субсидия қаралған.

– Бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдас балықтар мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығындарының 30 пайызын:

– Балық өсіруге арналған қажетті жабдықтарды сатып алу шығынының 50 пайызын;

– Балық өсіру биологиялық негіздемені сатып алу шығындарының 50 пайызын;

– Дәрілік препараттарды сатып алу шығындарының 50 пайызын;

– Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығындарының 50 пайызын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналады.

Шымкент қаласында балық шаруашылығына мемлекеттік қолдау бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы жергілікті бюджеттен 21,9 млн теңге бөлінсе, биыл 29 млн теңге қаржы қаралған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР