2024-02-27 10:32:13
-4.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ауылдық жерде жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілерге мемлекет қолдау көрсетеді

Ауылдық жерде жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілерге мемлекет қолдау көрсетеді

Ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Мемлекет басшысының Ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлеп, бекітті. Бекітілген Ережелерге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидиялау ала алады. Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.

Бекітілген ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.

Қосымша ақпарат пен мәліметтерді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР