2024-06-13 21:34:06
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ауыл шаруашылығы министрлігі: фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленді

Ауыл шаруашылығы министрлігі: фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленді

Бүгінгі күні gosagro.kz порталында қазақстандық фермерлер 100 144 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы басқармаларының қарауында 37 236 өтінім бар, 22 444 өтінімді мақұлданған жоқ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, «Күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 32 146 өтінім тұр. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, басқармалар қазынашылық жүйесі арқылы төленуде. Қазіргі уақытта фермерлерге шамамен 69,4 млрд теңге төленді.

Бұл сомадан басқа мемлекеттік субсидиялау жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдында 28,4 млрд теңгеге субсидиялар бойынша былтырғы жылдың борышы өтелді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 40,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 35,8 млрд теңге төленді.

Жалпы, бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі арқылы 133,6 млрд теңге төленді.

Сонымен қатар, облыстық АШБ «күту парағына» сәйкес  фермерлерге 31,8 млрд теңгеге субсидияны төлеген жоқ.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 109,3 млрд теңгеге 5 077 өтінім берілді, қазіргі уақытта АШБ  18,5 млрд теңгеге 968 өтінімді мақұлдап, резервке жіберді.

Ауыл шаруашылығы басқармаларына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 57,3 млрд теңгеге 2 881 ұсыныс жеткізілді. Қағидаларға сәйкес бұл ұсыныстарға қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалып, қол қойылады. Резервтен келісу мен қол қою сатысында 724 шарт бар. 171 шартқа қол қойылды.

Қазір бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және онда 52 110 пайдаланушы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР