2024-04-25 13:12:39
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Арғынбеков көшесінен Бәйдібек би даңғылына өтетін жол қозғалысы қарашаның 1 күні сағат 15:00 де ашылады

Арғынбеков көшесінен Бәйдібек би даңғылына өтетін жол қозғалысы қарашаның 1 күні сағат 15:00 де ашылады

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.

Қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы ашылады.

Және Арғынбеков көшесімен шығыстан батыс бағытқа қозғалатын көліктерге Бәйдібек би даңғылына солтүстік бағытта оң жақ бұрылыс жолы ашылады.

Сонымен қатар, сол күні Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылатын болады. Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.

Ашылу мерзімі: 01.11.2022 жылы сағат 15:00 де. Қосымша сызбасы тіркелді

Қала аумағында көлік инфрақұрылымы жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы бұл көрсеткіш 98 шақырымды құраған болса, қазіргі кезде көлік инфрақұрылым көрстекіші 3,6 (358 %) есеге ұлғайған.

Биылғы жылы “Д.Қонаев” пен “Т.Рысқұлов” көшелері қиылысындағы жолайрықта құрылыс жұмытсары аяқталып, көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілді. “Арғынбеков” пен “Бәйдібек би” көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгінде қала аумағындағы сапалы жолдардың көрсеткіші67,4 % -ды құрайды.

Аталған межені 2025 жылға қарай 79 %-ға дейін жеткізу көзделген. Атап айтар болсақ қала аумағында 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 айналма жолын қайта құру жұмыстары, “Д.Қонаев” даңғылының жалғасын салу жоспарланған.

Айта кетейік, үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР