2022-09-28 03:52:30
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ

Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері Шымкентте бас қосты. Олар Германиямен қоса Польшада әскери борышын өтеген. Ардагерлер Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, кешенмен танысты, өзара әңгіме-дүкен құрды.

– Біз Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлеріміз. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Батыс елдерінде әскери борышымызды өтедік. Бас қосудағы мақсатымыз – Ұлы Отан соғысындағы батыр аталарымыздың рухын ардақтау. Өскелең ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбие беру. Осы бағытта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында тиісті тәрбие жұмыстарын атқарып келеміз. Ал бүгін Шымкент қалалық және Түркістан облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері жаппай танысып, пікір алмасуға келдік, – дейді Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобы ардагерлерінің Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Үсенбатыр Арзықұлов.

Ардагерлердің айтуынша, қоғамдық ұйымның құрылғанына 8 ай болды. Алдағы уақытта жыл сайын 9 маусым күні бас қосып, даталы күнді атап өтпек. 1945 жылы 9 маусым күні маршал Жуковтың бұйрығымен Германия жеріндегі Кеңес әскерінің тобы құрылған.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев
Фото – Серік Қосаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР