2024-06-22 02:30:52
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

AMANAT партиясының қатары толықты

AMANAT партиясының қатары толықты

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Партияның қатары өңірлік журналистермен толықты.

Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді.

– AMANAT әрқашан қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін халықпен етене жұмыс істеп келеміз. Осы ретте журналистер, сіздердің атқарар еңбектеріңіз зор. Партия қатарына өз пікірін, ойын ашық айтып, қаланың, еліміздің дамуына үлес қосамын деген азаматтардың қосылып отырғаны қуантады. Бұл, біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Бүгін партия қатарына қосылған әріптестеріміздің қатарында танымал журналистер Нұрлан Әлімбаев, Зәуре Оралбаева, Лаура Мамырова Лаура, Назгүл Сайлауқызы, Сәуле Өмірбекқызы бар.

—Азаматтардың проблемаларын шешуде партияның зор әлеуеті бар. Партия қатарына қосылған әрбір азамат еліміздің дамуы, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жолында алдына мақсат қойып, сол мақсатының орындалуына жұмыс жасауы керек. Партия қатарына қосылу – бір жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, екінші жағынан үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен үшін бұл үлкен өзгерістің бастауы, – деді журналист Нұрлан Әбдінәбиұлы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының 28 мыңнан астам мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР