2024-04-26 02:07:09
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әкім Тұрандағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексерді

Әкім Тұрандағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексерді

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, халықпен кездесті.

Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.

Жалпы құрылыс барысы 2 кезеңге жобаланған. Бүгінге дейін 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады.

Бұған қоса 11,6 шқ құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы бітті. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін аяқталатын болады.

Бұдан соң әкім Тұрандағы газ құрылысын тексерді. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады.

Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге 40% атқарылды.

Жалпы Тұран шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді. Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті.

«3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды.

1987 көпқабатты тұрғын үйдің  93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын. 124 көпқабатты тұрғын үйде жұмыстар жалғасуда.

Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР