2024-04-25 22:18:32
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік сала мамандары жастарға кеңес берді

Әлеуметтік сала мамандары жастарға кеңес берді

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Еңбек әйелдері – әлеуметтік салада» атты психологиялық кездесу өтті.

Кездесуде қалалық әйелдер кеңес төрайымы Баян Жандосова, білім басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» мекемесінің директоры Парида Калиева, «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Кенжетаева, «Шымкент қаласының әйелдер мен балаларды қолдау орталығы» бірлестігінің төрайымы Ольга Ли және студент жастар қатысты.

– Әдетте 8 наурыз мерекесінде ел алдында жүрген танымал әйелдерді марапаттап, олардың атқарған істерін үлгі етеді. Әртүрлі әлеуметтік орталықтар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған мекемедегі қыз-келіншектер көктемнің шуақты мерекесінде елеусіз қалып жатады. Міне, осындай олқылықтың орнын толтыру үшін бүгін әлеуметтік салада табысты еңбек етіп келген жандарды ұлықтап, жастарға өз кеңесін берсе екен дейміз. Өзім жұмыс барысымен қаладағы барлық әлеуметтік-бейімдеу орталығы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелерде жиі боламын. Ол жердегі мамандардың еңбегінің куәсі болып жүрмін. Осындай орталық мамандарын қоғамға тигізіп жатқан көмегі үшін қанша мақтасақ та аз. Жиынға жастарды шақыруымыздың себебі – болашақта сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін қазірден бастап денсаулығына бейжай қарамағаны жөн, — деді Шымкент қаласы әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосова.

Қаладағы «Оңалту орталығы» мекемесінің басшысы Парида Қалиева ана мен бала денсаулығы, орталықта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

– Біздің орталықта 3-7 жас аралығындағы ерекше күтімді қажет ететін, сөйлеу қабілетінің бұзылысы бар, церебраль-сал ауруы, есту қабілеті бұзылған балалар түзету емін қабылдайды. Мамандар келген әр баланың қабілетіне қарай жеке ем тағайындайды. Дүниеге келген сәбидің денсаулығы 80 пайыз анаға байланысты. Осында отырған жастарға айтарым – денсулықтарыңызға көңіл бөліңіздер. Және, ана болу үшін алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулығында кінәрат болса, ем қабылдауы қажет. Жалғыз қыз балалар ғана емес, ұлдар да отбасын құру алдында дәрігерлерге қаралып, ем қабылғаны дұрыс, — деді орталық басшысы.

Басқосуда сөз алған спикерлердің негізгі тақырыбы болашақ ана мен әкелерге арналды. Олардан дені сау ұрпақ дүниеге келуі үшін денсаулығына дұрыс қарау қажеттігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР