2024-03-29 16:38:52
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдына жол кедергілері салынады

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдына жол кедергілері салынады

Шымкентте жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, өткен жылы тұрғындардан 12 орынға бағдаршам қоюға ұсыныс түскен. Жуырда бағдаршамдар орнатылып, іске қосылды. Бұдан бөлек, 450 шақырым қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Көлік жүргізушілері және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4000 жол белгісі орнатылған.

Биыл да жол-көлік қауіпсіздігі назардан тыс қалмақ емес. Қажеттілік туындаған 12 жол бойына бағдаршам орнатылып, 400 шақырым жол таңбаларын сызу жоспарға енген. Сондай-ақ, 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына орнату жұмыстары қолға алынады.

Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 3500 жол белгісі орнатылатын болады. Қазіргі таңда 291 бағдаршам нысандарына күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР