2024-04-24 19:48:02
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Адами капиталды дамыту – басты назарда

Адами капиталды дамыту – басты назарда

ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады.

Спикерлер жаңа экономикалық саясат, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын нақтылап берді. Адами капиталды дамытуға жеткілікті қолдау көрсетілуде. Қазір білім, медицина саласында жаңа технологиялар енгізіліп, бәсекелестік артып келеді. Бәсекелестік заманында білім алып, өз салаларыңның үздік маманы болуларың керек, – деді Ж.Бектаева.

Мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, жастарды Әділетті Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Колледж студенттері жастар кәсіпкерлігі, жеңілдетілген несие беру жөнінде өз сауалдарын қойды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты.

Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізіп отырған жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР