2024-04-27 08:06:06
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абай ауданы жыл соңына дейін 100% ауыз сумен қамтылады

Абай ауданы жыл соңына дейін 100% ауыз сумен қамтылады

Шымкенттегі Абай ауданында 322 мыңнан астам халық тұруда. 34 елдімекеннің 33-і ауыз сумен қамтылған, бүгінгі таңда 1 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов шаһар басшысының халықпен кезекті есеп беру жиынында айтты.

«Былтыр «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Ақтас-2», «Нұршуақ», «Жаңа Тұрлан» елдімекендеріне ауыз су кіргіздік. Жыл соңына дейін «Құрсайдағы» құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізіледі»-деді Б.Парманов.

Аудан әкімінің берген мәліметінше, «Нұршуақ», «Жаңаталап», «Батыс» тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту жұмыстары бітуге жақын. Жаңа жылға дейін 4366 тұтынушы сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Көгілдір отынмен барлық елдімекеннің 24-і қамтылған. Биыл 7 нысанда құрылыс қырқынды жүргізілуде. Келесі жылы тағы 3-де газ тарту жұмыстары басталады. Жалпы, Абай ауданы 2024 жылы толық газбен қамтылатын болады.

«Инфрақұрылым құрылысы әр жылға кезең-кезеңімен жоспарланған. Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешіп беру – біздің міндетіміз. Қала басшысы М.Әйтеновтің тікелей қолдауымен алдағы 2 жылда «Абай» ауданы бойынша су, газ, жарық мәселесі түбегейлі шешіледі. Сабыр сақтап, берілген уәделердің орындалуын күткендеріңіз үшін халыққа алғысымды білдіремін»-деді аудан әкімі.

Ал «Самал-3» пен «Солтүстік Батысқа» қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылуда, ол да аяқталуға жақын. Келесі жылы «112 орамда» құрылыс басталады. Сөйтіп бұл мәселе 2025 жылға дейін 59%-ға шешімін табатын болады.

Ал Алтынтөбе тұрғын алабында биыл Ізетілеу көшесі толықтай жарықтандырылды.  Бүгінгі таңда Ақниет шағын ауданы ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен жүз пайызға қамтамасыз етілген. Енді тек жыл аяқталғанша талшықты-оптикалық интернет желісін тартып бітіру ғана қалып тұр. Қызылжар мен Жайлау шағын аудандарында да коммуналдық мәселелер толық шешімін тапқан.

Ал Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары аралығында атқарылады. Құрсайға келетін болсақ, мұнда мердігер компаниялар тарапынан ауыз су, электр жарығы, табиғи газ бойынша ЖСҚ дайындалып, құрылыс жұмыстары келер жылы қолға алынатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР