2024-03-28 18:58:44
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынбақ

1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынбақ

Шымкент қаласында көп балалы 40 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлап жатыр. Алтын құрсақты аналарға жаңа қоныстарының кілтін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов салтанатты жағдайда табыс етті.

Тұран шағын ауданында қазір көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 200 пәтер дайын тұр. Соның ішінде 40 пәтер көп балалы отбасыларға тапсырылды. Қалғандары арнайы комиссияның шешімі бойынша кезекте тұрған отбасыларға үлестіріледі. Мұның барлығы сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық пәтерлер екенін айта кеткен жөн.

Жалпы, биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтар мен жұмыс істейтін жастарға 1 605 арендалық пәтер беру жоспарланған. Соның ішінде 476-сы көп балалы отбасыларға, 54-і жетім балаларға, 857-сі жұмыс істейтін жастарға табыс етіледі. Сондай-ақ осы жылы мегаполисте жалпы ауданы 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 734 мың шаршы метрі көпқабатты үйді құрайды.

Бүгінде қалада құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірі«Шахристан» тұрғын үй кешені. Мұнда 2024 жылға дейін 599 пәтерлі 11 көпқабатты үй салынады. 2022 жылдың соңына дейін 203 пәтерлі 3 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Құрылысты BAZIS-А  компаниясы жүргізуде. Әл-Фараби тұрғын үй кешенінде 294 пәтерлі 6 үй салынуда. Құрылысы 2020 жылы басталып, биыл пайдалануға беріледі. Жоба құны  8,5 млрд. теңге. Құрылысты «BI Shymkent Projects» компаниясы жүргізуде. Нұрсат ш/а №128 мекен-жайында 3 блоктан тұратын, 128 пәтерлі 1 үй салынуда. Құрылысы өткен жылы басталып, 2022 жылдың қыркүйегінде пайдалуға беріледі деп жоспарлану.

Ал, Бәйдібек би даңғылындағы «Қос тұра» тұрғын үй кешені 1 198 пәтерлі 15 үйден тұрады. Құралысы 2020 жылы басталған, аяқталу мерзімі 2024 жыл. 2021 жылы 2 үйдың құрылысы аяқталған, биыл 3 үй пайдалануға беріледі. Қалған үйлер кезеңімен табысталады.Әкімшілік іскерлік орталығы жанында 84 пәтерлі 2 көпқабатты үйдің құрылысы 2019 жылы басталған. Биыл қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын үйді жеке инвестор салуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР