2024-03-19 10:30:49
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жанар-жағармайдан тапшылық болмайды

Жанар-жағармайдан тапшылық болмайды

Республиканың үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ұлттық жобасы аясында егістік көлемін жылдан-жылға көбейту жоспарлануда.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекембаевтың айтуынша, биыл егістік алқабының көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 мың гектарға, ал 2019 жылға қарағанда 1,9 мың гектарға артық. Сонымен бірге биыл 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Егілген егіннің ішінде әсіресе мал азықтық дақылдардың үлес салмағы басым. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек игерілген жалпы жердің үштен біріне төрт түліктің азығына қажетті тұқым себілген. Сонымен қатар биыл қала аумағында майлы дақылдар мен бақша өнімердерін көптеп егуге басымдық беріліпті. Бүгінде шаһарда көктемгі егін науқаны толықтай аяқталды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған жанар-жағармай таратушы 4 оператор таңдалынды. Олар  «Sapaly Munai», «АЗК Алмаз»,  «Иксан групп» және «Шахат инвест» ЖШС-лер.

Операторларды таңдауда өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Бірлестік» жанар-жағармай қауымдастығының ұсынысы ескерілді.

Дизель отынын жеткізуші компанияларды іріктеуде оларға бірнеше талаптар қойылды. Мәселен, оператордың банктік шотында қажетті қаражаттың жеткілікті болуы, мұнай базасы мен жанармай қабылдау бекетіндегі нақты бағаны көрсете отырып, коммерциялық ұсыныстар беру, мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базасының, жанармай құю бекеттерінің, жанармай тасымалдаушы көлік – бензовоздардың болуы, сондай-ақ операторлар күн сайын жанармайдың күнделікті босатылуы туралы басқармаға ақпарат беріп отыруға міндетті.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Т.Мекембаевтың мәлімдеуінше, дизельді отынның литрі 189 теңге болып бекітілді. Осы уақытқа дейін 290 тоннадан астам арзандатылған жанар-жағармай босатылып қойды. Ал, жалпы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қаланың шаруаларына 2000 тонна жанар-жағармай бөлінген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР