2024-04-18 13:26:34
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жаңа зауыттар іске қосылады

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жаңа зауыттар іске қосылады

Шымкент қаласында 2022-2025 жылдар аралығында импорт алмастыру бойынша құны 527,2 млрд. теңгеге  7 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 53 инвестициялық жоба іске асырылады.

Аталған жобалар нақты қолға алынған жағдайда 493 млрд. теңгенің өнім өндіріліп, 319 млрд. теңгенің импорттық өнімдері отандық тауарға алмастырылады, ал экспортқа 153,2 млрд. теңгенің өнімі шығарылады.

Жүзеге асырылатын жобалардың қатарына  алюминий банкілерін өндіретін — «KazAlPack» ЖШС,  санфаянс және ірі габаритті және шағын габаритті керамикалық плитка өндірісі — «Orient Сeramic» ЖШС, шыны өндірісін ұйымдастыру — «Orient Glass» ЖШС, ұнтақ полипропилен өндірісі — «Шымкент химия компаниясы» ЖШС, «Hill Resources» ЖШС-нің базалық майлар өндірісі бар.

Сонымен қатар, импорт алмастыруды дамыту мақсатында 438 гектар аумақта 2 индустриялды аймақ іске қосылады. Олар –  ірі өнеркәсіп ошақтары орналасатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдейтін кәсіпорындар шоғырланатын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы.

Жалпы алаңы 306 гектарды құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында  5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Алдағы үш жылда  200 млрд. теңгеден астам қаражатқа 50-ден аса ірі инвестициялық жобалар іске асырылады.

Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдейтін жалпы алаңы 132 гектарлы «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем мен сүт өндіретін зауыттар салынып, шетел инвесторларымен бірлескен сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін жаңа кәсіпорындар пайда болады.

Сонымен бірге «Тепличный рай» агроиндустриялды аймағының  бірінші кезеңінде 9,8 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске асады. Олар  «ASM Corporation» ЖШС, «AIDI Agro Trad»e ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС, «ABK AGRO» ЖШС, «IGM Corporatio»n ЖШС және «Baitana AGRO» жеке серіктестіктері. Қазіргі таңда 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының I кезеңінде 8,7 млрд.теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР