2024-04-26 12:40:24
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

Алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

Шымкент қаласында биылғы жылдың алты айында 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 миллион дана жұмыртқа өндірілген. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті.                                                                                                    Шаhар басшысы Мұрат Әйтеновтің алдында алты айлық есебін берген Асқар Сәкенұлы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,2 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқанын алға тартты.

Есепті кезеңде белгілі болғандай, ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты және құс 975,6 мың басты құрап отыр. Ал қалада жануарларға аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы 1 508 815 басқа ауыл шаруашылығы жануарларына екпе егілген.                                                                  Айта кетейік, есепті жиын соңында қала әкімі ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, қызығушылық танытқан шаруалардың жобаларын жүзеге асыруда белсенділік таныту керек екенін қадап айтып, тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР