2024-04-24 22:56:09
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

Соңғы жылдары Шымкенттің құрылыс саласы қарыштап дами бастады. Оның куәсі – бүгінде бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлер мен басқа да түрлі құрылыс нысандары.

Соның бірі құрылысы қарқынды жүріп жатқан Нұрсәт шағынауданындағы болашақ Оқушылар сарайы. Аталмыш жобаның құны 8,3 млрд. теңгені құрайды. Мердігер мекеме — BI Group компаниясы. Құрылыс жобасының жетекшісі Ілияс Рүстемнің айтуынша, нысан 2023 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Үш қабаттан тұратын, сыйымдылығы 500 оқушыға арналған ғимараттың жалпы ауданы 9800 шаршы метрге тең. Қала үшін Оқушылар сарайының әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Өйткені онда балалардың зейінін ашатын түрлі үйірмелер жұмыс істемек. Мәселен, қолөнер, ІТ технологиясы және тағы басқа осы секілді үйірмелерді атауға болады. Сонымен бірге Оқушылар сарайында бассейн де қарастырылған. Бұған қосымша көптеген спорт секциялары да ашылады.

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев: «Үшінші мегаполис аумағы үлкен. Мұндай кезде әрине шаһар ішіндегі көбейетіні белгілі. Ол бір жағынан тұрғындарға белгілі бір дәрежеде қиындықтар тудыратыны рас. Сондықтан барлық әлеуметтік маңызды нысандар тұрғылықты жердің айналасында болғаны абзал. Осыған байланысты қаланы үш орталыққа бөліп қарастырған жөн. Оның біріншісі — Ескі шаһар маңы, екіншісі — Нұрсәттегі әкімшілік-іскерлік орталық, үшіншісі — Шымсити аумағы. Бұл орайда дәл осындай, бірақ сыйымдылығы аздау екінші жаңа Оқушылар сарайын Тұран шағынауданынан ашу жоспарда бар» екенін айтады.

Шымкентте іргетасы қаланып жатқан екінші маңызды нысанның бірі — Конгресс-холл.  Жергілікті және халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралардың барлығы келешекте осы жаңа нысанда өтетін болады. Ғимараттың аумағы — 16100 шаршы метр. Жоспар бойынша мәдени ошақ келер жылдың тамызында халық игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысан құрылысы аяқталса, екі жүзден астам мәдени қызметкерге осы Конгресс-холда тұрақты жұмыс табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР