2024-04-19 10:23:32
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Агробизнес саласында 50 жаңа жоба іске асырылады

Агробизнес саласында 50 жаңа жоба іске асырылады

Ресми дерек бойынша үшінші мегаполисте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 63,3 млрд. теңгені құрайтын 50 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, өндірістік жылыжай кешендерін салуға – 11, қайта өңдеу саласына – 7, мал бордақылау алаңдарын құруға – 9, сүт фермасының өнімділігін арттыруға – 4, жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салуға – 4, жұмыртқа өндірісіне – 5, балық шаруашылығына – 3, қарқынды алма баққа – 5, мал азығын өндіруге – 2 жоба бағытталған.

Оның ішінде былтырғы жылы «жол картасы» аясында құны 6,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны іске қосу, 230 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Нәтижесінде жоспар межеден де асып түсті. Яғни 24 жоба іске асырылып, жаңадан 336 жаңа жұмыс орны құрылды. Жол   картасына енген жоспар 1,5 есе артығымен орындалды.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған» Ұлттық жобасы бағдарламасы аясында биыл шаһарда бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Мәселен, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,7 млрд теңгеге артып, 44,1 млрд теңгеге жеткізіледі. 1 жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 4,5 млн. теңгеге артпақ.

Басқарма ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін жаңа технологиялардың есебінен арттыруды көздеп отыр. Мәселен, бүгінгі таңда өндірістік жылыжайлар толық автоматты технологияға көшкен. Яғни бұрын қол күшімен атқарылатын жұмыстар қазір компьютердің көмегімен іске асырылады. Осылайша бірнеше жұмыскерге жүктелген еңбекті шаруа бір өзі атқарып, соның арқасында оның қызмет ақысы да жоғарыламақ.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілері өндірген тауарлардың экспорт көлемі 309,7 млн АҚШ долларына өседі. Сонымен қатар, 29,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Егіс алқаптарынан биыл 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Мал шаруашылығы саласында да биыл өсім болады деп болжанып отыр. Өнімділік 6-10 пайызға  артып, 14,8 мың тонна ет, 48,2 мың тонна сүт, 156,2 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарлануда.

Агросалаға инвестиция тарту, қала халқын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында биыл жалпы құны 21,3  млрд теңгені құрайтын ірі 18 жоба іске асырылып, 708 жаңа жұмыс орындарын ашу межесі тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР