2021-12-06 20:48:25
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жыр алыбы ұлықталған кеш

Жыр алыбы ұлықталған кеш 1

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Қаратау мен Сырдың елі дәстүрменен жырдың кені» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы дәстүрлі әншілерінің концерті өтті.

— Жалпы бүгін Қаратау мектебіне Сыр өңірінің — Қызылорда облысының дәстүрлі әншілері, жыршылары,  өнерпазары қонаққа келіп жатыр. Бұл  енді ресми іс-шара емес. Кезінде Біржан сал бабамыз сонау арқадан Ақшоқыға Абайды іздеп барыпты, болмаса Жетісуға Сараны іздеп барыпты деген бабадан қалған дәстүрлі жол бар. Сол жолды жаңғыртып, «сіздердің мектептеріңізді зиярат етсек, қонақ болып барсақ, есесіне бірлесіп сол жерде халыққа рухани кеш сыйласақ» деген сыр өңірінің дәстүрлі өнерпаздарын бүгін мектебімізге қонақ қылып жатырмыз.
Бұл жерде таза шығармашылық байланыс. Жыр тыңдап жүрегімізді ашамыз, ән тыңдап арқамызды кеңейтеміз деген кез келген көрерменімізге есігіміз ашық. Сыр өлкесінің елімізге белгілі жыршысы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен қарындасымыз бастап 13 азаматы, дәстүрлі әншілері мектебімізге келді. Кеше шағын форматта кездесу өткіздік. Мектептің әу-жайымен танысты. Қаратау дәстүрлі мектебінің негізгі бағыты да осы дәстүрлі өнерді, насихаттау, ұлықтау.
Сондықтан біз «күміс домбыра» деп айтысымызды, «күміс қалам» деп поэзия байқауын өткіздік. Енді неге дәстүрлі әншілерімізге, содан кейін күйшілерімізге көңіл бөлмеске. Бұйырса осы іс-шарадан кейін республикалық деңгейде күйшілердің байқауын өткізсек деген ой бар. Сол үлкен жоспарларымыздың бір парасы осы рухани байланыс. Мұны Сыр мектебі мен Қаратау мектебінің, былайша айтқанда, қазақ тарихындағы екі үлкен дәстүрлі өнер мектебі өнерпаздарының кездесуі деп қабылдау керек, — деді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов.

Биыл халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына—175 жыл. Сондықтан кешті ұйымдастырушылар іс-шараның бір мақсаты осы айтулы датаға орай бала жасынан домбыраны серік етіп, ел ішінде ақындығымен танылған, екі ғасырдың куәсі болып, саналы ғұмырын ән мен жырға арнап, ұрпағына қалдырған Жамбылдың мол мұрасын көрерменге насихаттау болғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР