2024-04-26 11:58:31
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Жайдарман» ойындарының Шымкент қалалық финалдық кезеңі өтті

«Жайдарман» ойындарының Шымкент қалалық финалдық кезеңі өтті

Шымкент қаласының жарқын жүзді көрермендері Жастар ресурстық орталығында «Жайдарман-2022» финалдық ойынын тамашалады. Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласы «Жайдарман» ойындарының маусымашары 33 командамен бастау алған болатын. Соның ішінен іріктеліп, сыннан сүрінбей өткен алты команда ақтық мәреге жетті. Олар: «No comments», «Ақбұлақ», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», 2021 жылдың премьер лига жеңімпаздары «Төле би» командасы және «Елорда кубогы-2022» ойынының екінші орын иегерлері «Абырой» командасы.

— Көрерменді күлкіге қарық қылып, қазылардың көңілінен шығатындай лайықты чемпион болуға тыңғылықты дайындықпен келдік. «Елорда кубогы — 2022» ойынында екінші орын алып, сүйіншілеген болатынбыз. Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүргенімізге бір жыл уақыт болды. Бастысы көрерменнің қолдауы болса, өз-өзімізді қамшылай береміз,–деді «Абырой»командасының мүшесі Бағлан Шәріпбаев.

Бар жандарды жаулаған жайдарманды Тағай Нұралиев тізгіндеді. Сайыстың шарты – финалдық бәсекеде жекпе-жек ойындары өтеді. Жекпе-жектен өткен үш мықтыны супер финалда тағы бір «Сәлемдесу» кезеңі арқылы кімнің әзілі өткір екенін анықтайтын болады.

Ойыншыларға әділ бағасын беріп, өзара мықтыны анықтайтын қазылар алқасының қатарында болған әзілдің сан қырын меңгерген Әбунасыр Серіков, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдықожаев, театр және кино актёры Асан Мәжіт, КВН-нен әлем чемпионы Еркебұлан Мырзабек командаларға сәттілік тіледі.

Қатысушы алты команда жұп-жұпқа бөлініп, «Сәлемдесу» кезеңінде өз бақтарын сынады.

Алғашқы кезеңде қарсылас командадан озық болған «No comments» 4:1 есебімен, «Бәрекелді кірпі» 5:0 есебімен алға шығып,Абырой» командасы 4:1 мен «Сәлемдесу» екінші кезеңіне өтті.

«Жайдарман» ойындарының Шымкент қалалық финалдық кезеңі өтті

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен болған қалалық Жайдарман маусымының қола жүлдегері «No comments», күміс жүлдеге ие болған «Бәрекелді кірпі», Шымкент қаласы Жайдарман ойынының чемпионы, алтын жүлде⠀«Абырой» командасына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР