2022-08-18 11:15:39
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттің көгінде домбыраның қоңыр үні қалықтады

Бүгінгі кеште қасиетті домбыраның қоңыр үні  Шымкент қаласының көгінде күмбірлеп, шаһар тұрғындары мен қонақтарының құлағының құрышын қандырып, көңіліне қуаныш ұялатты.

Иә, жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде бүкіл елімізде Ұлттық домбыра күні мерекесі тойланады. Осыған орай Шымкент қаласындағы Астана алаңында «Ұлы дала мұрасы» атты мерекелік шара өтті.

—ДОМБЫРА ЖӘЙ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП ҚАНА ЕМЕС, МЫҢЖЫЛДЫҚТАРҒА ҰЛАСҚАН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚИЛЫ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖАН СЫРЫН, МҰҢ-ШЕРІ МЕН АРМАН-МҰРАТЫН ЖЕТКІЗІП, БОЙЫМЫЗҒА РУХ ДАРЫТҚАН ЖАН СЕРІГІМІЗ. ҚАЗАҚТЫҢ ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІН ДОМБЫРАСЫЗ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС. ОСЫНАУ РУХАНИ МҰРАНЫ ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА ТӨРТ ЖЫЛДАН БЕРІ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАП ӨТІЛУДЕ. ЕНДЕШЕ БАРШАҢЫЗДЫ ОСЫНАУ ТАМАША МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, — ДЕДІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ.

Мерекелік шара барысында Шымкент қалалық мәдениет үйінің әртістері мен artsport.kz порталы арқылы жұмыс істеп жатқан шығармашылық үйірмелердің жас өнерпаздары, барлығы 300-ден астам домбырашы өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама аясында «Көңілашар», «Ерке сылқым», «Кеңес», «Сарыарқа» «Балбырауын» және өзге де халық арасында кеңінен танымал күйлер орындалып, ән мен биден шашу шашылды.

Қазақтың ұлттық аспабы домбыраның әр шаңырақтың тқрінде ілініп тұруы үшін мемлекет соныі ішінде әкімдік тарапынан барынша қолдау шаралары іске асырылып жатыр. Соның бірі мәселен, бизнесті қолдауға бағытталған түрлі бағларламалардың арқасында қолөнер шеберлері қайтарымсыз гранттарға немесе пайызы төмен несиелерге қол жеткізуде. Бұдан бөлек қаладағы жан басына қаржыландыру бағдарламасы есебінен мектеп жасындағы көптеген бала тегін домбыра үйірмесіне қатысып жүр. Халықтың ұлттық аспабын әспеттеу жолында бүгінгі таңда осындай өнегелі істер атқарылып жатыр.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР